Қарақой (өзен, Торғай алабы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

ҚарақойТорғай алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Әйтеке би және Ырғыз аудандарының жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Тұмабұлақ ауылының тұсындағы бұлақтардан алып, Күйіккөл сорына құяды. Ұзындығы 67 км.

Гидрологиясы

Иірімділігі орташа, өзен аңғары мен су жиналатын алабы құмды, сортаңды топырақтардан тұрады. Жағалауының кейбір бөліктерінде бұталар өскен. Өзен бойында Қарабастау, Ақбақан, т.б. қыстаулар орналасқан. Суы тұзды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер