Қарағұр ауылдық округі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Ауыл бөлімшелері

“Қарағұр” ауыл әкімдігінің орталығы Қарағұр ауылы. Ауыл әкімдігіндегі халық саны – 3094, жанұя саны – 566, “Ардақты аналар” саны – 27, шаруа қожалығы – 23, орта мектеп саны – 3, оқитын оқушылар саны – 610, ауыл әкімдігінде 1 СВА, 2 ФАП жұмыс істейді.

Халық қаһармандары

Қарағұр ауылы бойынша 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына 262 жауынгер аттанып, олардың 39-ы елге оралды. Қазіргі таңда 5 ардагер – Асанов Әдіхан, Бағысов Әбдеш, Малбағаров Рамат, Елханов Орынбек, Үсенов Оразбай ортамызда жүр.

Ауыл әкімшілігі колхоздары

Қазіргі Қарағұр ауыл әкімдігі аумағында соғыс жылдарынан бұрын 1934-1935 жылдары әр елді мекенде майда серіктестік шаруашылықтары құрылған. 1940 жылдары майда шаруа серіктестіктері бірігіп, 4 колхоз құрылды. “Қызылбайрақ” колхозы қазіргі Раң елді мекенінде, “Алтынтау” колхозы Алтынтау өзенінің бойында, “Ленин” колхозы қазіргі Қарағұр ауылында, “Шаға” колхозы қазіргі Шаға елді мекенінде орналасқан. “Қызылбайрақ” колхозының басшылары Қорғанбекова Сұлу, Дүйсенбаев Қыдырбай, Асанов Сәңкібай, Ерімбетов Тоқабай, Ершіліков Зейнетай болды. “Алтынтау” колхозын Ершіліков Зейнетай, Сарбасов Сағынтай, Сейітбеков Құтжан, Арқашов Сәрсен, Таңбаев Бимахан, Қынатов Иманбай, Көлбаев Шора, Ерімбетов Тоқабай басқарды. “Ленин” колхозын Бейсек Жамекеев, Алмахан Қазыбаев, Әшірбек Тастыбаев, Смайл Ырысбаев, Қожабек Төлтаев, Ұмсын Мырзабекова, Аманжол Досымбетов, Шора Кенбаев, Сейдәзім Мәдәзімов, Сәңкібай Асанов, Қыздаргүл Құдайбергенова басқарды. “Шаға” колхозын Мүшекенов Төлжан және Жақсыкүл Аманжолова басқарды.

Колхоз басшылары

1950 жылы бұл колхоздар ірілендіріліп, “Ленин” колхозы болып қайта құрылды. Колхоз төрағалары болып Ізбасаров Уалихан, Төребеков Шайықбек, Байдаулетов Әбдібек қызмет атқарды.
1957 жылы “Ленин” колхозы Созақ МТС-іне қосылды. МТС директорлары болып Санкеевич Владимир, Көшкінов Қаратай, Ахметшеев Доспанбет еңбек етті.
1959 жылы Созақ МТС-інен Энгельс атындағы совхоз болып бөлініп шықты.
1992 жылы Энгельс селолық советі Қарағұр ауыл әкімдігі болып құрылып, Нұркелеков Төлеген, Иманбаев Аманбай, Төлбаев Жанәділ, Мейірбеков Берік ауыл әкімі болып қызмет атқарды. Қазір Жамиев Ордабек ауыл әкімі болып қызмет атқарып келеді

Қолданылған әдебиеттер

Шолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.