Қараған Төбесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қараған – Батыс Үстірт кемерінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбе. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-батысында 80 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 203 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 6 км шамасында созылған, енді жері 2 км. Беткейі жайпақ, сай-жыралармен тілімденген. Етегіндегі тік жарлардың биіктігі 10 м. Беткі қабаты неогендік әктастан түзілген, түпкі қабаттары палеоген мен мезозойдың көлбеу қыртыс шөгінділерінен тұрады. Сортаңды сор топырақ жамылғысында бұйырғын, жусан, баялыш, көкбуын, т.б. өседі.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}