Қарағанды металл конструкциясы зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Металл конструкциясы зауыты, (Қарағанды), 1963 ж. пайдалануға берілді. Негізгі өнімі: әртүрлі бағыттағы және кескінді құрылыстық металл конструкциялары, дәнекерлік элекродтар, стандартсыз құрал-жабдықтар, БҚ-2500бұрғылау қондырғыларының металл конструкциялары т. б. Зауыт өнімін негізінен байыту фабрикалары, кокс-химия зауыты, Павлодар трактор зауыты т. б. кәсіпорындар, Қарағандының, сондай-ақ республикадағы басқа да қалалардың спорт кешендері пайлаланады. Диаметрі З мм дәнекерлік электродтар шығаратын жүйе, басқа технологиялық процесс игерілді. Металл конструкциясы зауытының өнімдері Алматыдағы Республика сарайын, Н-365 телемұнараны, Қарағандыдағы цирк үйі мен «Орталық» аэропортты салған кезде пайдаланылды. ҚазКСР-інің Құрмет Алтын кітабына жазылған (1981). 260 орынды клуб, стадион салынды. Демалу аймағы (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) бар.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}