Қарағанды мемлекеттік шахта жобалау институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарағанды мемлекеттік шахта жобалау институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1941 жылдан «Қарағандыкөмір» тресі жобалау бюросының «Қарағанды шахта жобалау» конторы, 1951 жылдан қазіргі атымен аталады. Институт Қарағанды, Екібастұз көмір бассейні кәсіпорындарының және Қазақ КСР-і мен Орта Азия республикаларындағы кен орындарының бас жобалаушысы болды. Жаңа көмір шахталары мен разрездердің кешенді жобаларын, жаңа кен қабаттарын аршып, әзірлеу жобаларын, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізеді; жобаланатын нысандар үшін инженер-геолог іздестірулер мен топографиялық түсірулерді іске асырады, құрылыс барысын қадағалады. институттың жобалары бойынша Қарағанды, Павлодар, Астана облыстарында шахталар, разрездер, ірі өнеркәсіп орны, кеңшарлар, машина-трактор ст-лары салынды. Институт Қазақстанның, Орта Азияның көмір кәсіпорындарын жобалау жөнінде үлкен жұмыс көлемін, оның ішінде Төм. Іле, Шептікөл, Шұбаркөл кен орындарының жобаларын жасады.<ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}