Қарағай газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарағай газ кен орны - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында орналасқан. Кен орны 1968 жылы ашылған.

Жатыс сипаты, құрамы

Аумағы 2 – 4 км. Газдылығы 910 – 915 м тереңдікте саз бен құмайт аралас жатқан ярустың жоғарғы құмды қабатымен байланысты. Қабатының қалыңдығы 5 м, өндірістік газ қоры 924 м тереңдікте. Шоғырдың биіктігі 12 м. Коллекторлары сұр құмды, ұсақ түйіршікті. Кеуектері 18 – 35,5% аралығында. Қабат қысымының мөлшері 10,9 МПа, қабаттағы температура 36°С. Газдың ауаға қатысты тығыздығы 0,546. Ол негізінен аздаған азоты бар метаннан тұрады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарағай газ кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}