Қарахан әулеті заманының өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарахан әулеті заманының өнері - Қарахан мемлекеті кезеңінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.


10 – 12 ғасырда Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды. Орта Азия мен Қазақстанның археология үрдісіндегі ішкі бірлік жалпы ислам дүниесіне ортақ қалалық өркениеттің белгілерімен көзге түседі. 10-ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Мұса 960 ж. хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді. Архитектура құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Құйрықтөбе қаласының жұртында жүргізілген қазба жұмыстарында 10 – 13 ғасырларда салынған деп табылған мешіт қазылған. Баласағұн, төмен Сырдария және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімш. биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археол. зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады.

Сәндік қолданбалы өнер Қарахан әулеті заманының өнері көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді. Үйлерді сәулеттендіру, безендіру құрылыс материалдарымен (сары топырақ, кірпіш, ганч, т.б.) және олардың өңделу технологиясының жетілдірілуімен байланысты болды. Шеберлер тегіс қабырғаны кірпішті қырынан, жалпағынан, тігінен, жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы белгілі бір сурет бедерлермен көркем өрілім түзген. Бейнелі қалау осылайша қалыптасты. Қарахан әулеті заманының өнерінде оюлы, жылтыратылған кірпіштер кеңінен қолданылды. Бұл сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын. Халықтық қолөнерге мейлінше жақын ганчқа ойып, әшекейлеу сияқты сәулеттік декордың бұл саласы фактурасының ақ түсімен, күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызатындықтан кең қолданылды. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылатындықтан көбіне ғимараттардың ішкі еңсесін әсемдеуге қолданылып, ғимараттың сыртына оюлы терракота пайдаланыла бастады.

Қолданбалы өнерде керамика мен терракотаны, оймыштау мен әшекейлеу әдісімен нақыштау одан әрі жалғастырылды. Бедерлеу, кесу, жапсыру, т.б. әдістер арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары (Тараз моншасы), ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары, т.б. Қарахан әулеті заманының өнері мұралары орта ғасырдағы қазақ сәулет өнері мен сән және қосалқы өнерінің даму кезеңдерін көрсетеді.<ref>“Тараз энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}