Қарахан көшесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарахан көшесі - Тараз қаласының көне Атшабар, қазіргі Достық орталық алаңы арқылы өтетін Төле би көшесімен шектеседі. Кеңес дәуірі кезінде А.Н. Радищев атымен аталды. Орталық Азияның ежелгі қалаларындағы көшелерге тән доғаша иіліп, әйгілі Қарахан кесенесінің алдын орап өтіп, қайтадан Төле би көшесіне түседі. Қаланың орталық базарына жақын бұл көшеде өзбек орта мектебі, облысы әлеум. қамсыздандыру басқармасы, қалалық қаржы бөлімі, сақтандыру агенттігі, салық қызметінің құрылымдық бөлімшелері, т.б. мемлекет мекемелер мен коммерциялық, қоғамдық ұйымдар ғимараттары, көп қабатты тұрғын үйлер, автомобиль тұрақтары орналасқан.

Дереккөздер

“Тараз энциклопедиясы”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарахан көшесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}