Қарауылшытау шыңы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарауылшытау шыңы – Іле Алатауылық Ақтау сілеміндегі шың.
Жер бедері
Биіктігі 4504 м. Негізгі жотадан солтүстік-батысқа қарай созылған Ақтау сілемі осы Қарауылшытау шыңына тіреле аяқталады. Мұзды-жартасты шың өте қатты тілімделген, төңірегіндегі беткейлерден көтеріңкі тұрады. Барлық беткейлері тік құламалы келеді. Солтүстік беткейінің жоғары бөлігін қар мен мұз шоғыры жапқан.
Қарлы-мұзды жалдарының орташа құламалылығы 30-40°, кей жерлерінде еңістігі 60°-қа дейін жетеді. Шағын аспалы мұздықтар шыңның солтүстік беткейіндегі ойыстарда қалыптасқан, олардың жалпы ауданы 0,1 км2-дей.
Шыңға алғаш рет 1937 жылы альпинистер тобы оңтүстік-шығыс беткейінен көтерілген.<ref>Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.</ref>