Қаратөбе мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Қаратөбе мұнай кен орны - Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында орналасқан. Сейсмикалық барлау жұмыстары 1967 жылы жүргізілген. Бірінші өндірістік мұнай 1966 жылы алынған. Кен орны негізінен пайдалануға дайын, жоғарғы пермь шоғырларында барлау жұмыстары жалғасуда.

Геологиялық құырылымы мен сипаты

Тектоникалық тұрғыда үш қанатты күрделі күмбезді құрылым]ан орын алған. Пермь-юра кезеңінің шөгінділерінен барлығы 6 мұнай қабаттары анықталған. Кен орындағы құмтас, алевролит, саздан құралған өнімді қима 200-2650 м тереңдікті қамтиды. Мұнай шоғырлары коллектор типі бойынша қабаттық, дөңес және тектоникалық болып ажыратылады. Олардың қалыңдығы 300 м-ге жетеді. Коллекторлардың кеуектілігі 15-354,8%, өткізгіштігі 0,001-3,64 мкм2. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,56-0,75. Ең ауыр мұнай (тығыздығы 0,92-0,97 г/см3) төменгі бор түзілімдерінде анықталған. Тығыздығы 0,852-0,862 г/см3 жеңіл мұнайлар жоғарғы пермь және төменгі триас қималарына сәйкес.

Құрамы

Мұнай құрамында 0,17 – 0,72% күкірт, 1,5 – 5% парафин, 21 – 40,5% шайырлар бар. Бастапқы қабаттық қысым 2-29,2 МПа. Өнімді қиманың төменгі бөліктеріндегі хлоркальцийлі қабат суларының минералдары 150-230 г/л және ол йодқа, бромға, борға бай; апт жікқабаты және баррем қабаттарында олардың құрамы гидрокарбонатты-натрийлі және сульфатты-натрийлі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>