Қаратұрын мұнай-газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаратұрын мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы, Қаламқас мұнай-газ кен орнынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны игерілуге дайын.

Геологиялық құырылымы мен сипаты

Ортаңғы юра шөгінділерінің иірімдері мұнайлы және мұнайлы-газды, бірыңғай газ иірімдері Теңіздік Қаратұрынның бір қабатында және Оңтүстік Қаратұрынның екі қабатында белгілі болды.
Иірімдерінің биіктігі 1-34 м.
Коллекторлардың кеуектілігі 25-34%, өткізгіштігі 0,06-0,8 мк м², мұнайға қаныққан қалыңдығы 0,5-17,7 м-ге, газға қаныққан қалыңдығы 0,5-17,7 м-ге дейін өзгереді.
Қалыңдығы 4-25 м-дей сазды таужыныстары жаппа болып табылады.

Құрамы

Мұнайының тығыздығы 894-925 кг/м³;

Еркін газдар құрамында - 70% ауыр көмірсутектер, 29,7% метан бар.
Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1099-1114 кг/м³, минералдары 155-156 г/л.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>