Қаратемір тауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Қаратемір - Сарыарқаның орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1082 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шерубайнұра және Алабұға өзендері аралығымен 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 8-10 км.

Жер бедері

Сай-жыралрмен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Жаншылу белдемінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Аласа таудың қызғылт қоңыр топырағында жусан, көкпек, бетеге, селеу, бұталар өседі. Беткейі мал жайылымына қолайлы. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер