Қаратау томағашөбі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қаратау томағашөбі<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 10 – 30 см.
  • Тамырсабағы жіңішке, жан-жағына тарамдала жайылған.
  • Сабағы жайылып өседі, сыртын қалың түк жапқан.
  • Жапырағының ұзындығы 0,8 – 2 см, ені 0,6 – 2 см. Жапырақ тақтасы жұмыртқа пішіндес, түп жағы (сағаққа бекінген жері) жүрек тәрізді кеңейген, қалың түкті, бозғылт-жасыл түсті. Сағағы қысқа, оның ұзындығы 7 мм, өркенге қарама-қарсы орналасады.
  • Гүлдері түкті, бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Жеке гүлінің ұзындығы 1,5 см, күлтесі сары, астыңғы ерін құрайтын күлтелері ірілеу. Күлтесінің түбі бір-бірімен бірігіп түтікшеге айналған.
  • Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп маусымның аяғы, шілдеде жемістері піседі.
  • Жемісі – құрғақ жаңғақша. Қаратау томағашөбі – өте сирек кездесетіндіктен эндемик өсімдік.

Өсетін орны мен таралуы

Қаратау жотасының (Батыс Тянь-Шаньда), әсіресе, Берікқара тауының беткейлерінде ғана өсетін сиреп бара жатқан түр. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Дереккөздер

<references/>