Қаратау маралтамыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қаратау маралтамыры<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, маралтамыр (маралшөп тамыры) туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалаық сипаты

  • Биікт. 5 – 10 см-дей.
  • Тамырсабағы өте жуан.
  • Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Жапырақ тақтасының жиектері салаланып терең ойықталған. Сабағының тамырға таяу жеріне орналасқан жапырақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жоғарылаған сайын сағақтары қысқарады.
  • Гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Себеттің сыртындағы орама жапырақтары шар тәрізді (дөңгелек), түксіз, ені 2 – 2,5 см. Күлтесі қызғылт түсті, ұзындығы 2 – 2,2 см.
  • Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі.
  • Жемісі – сарғыш, құрғақ тұқымша, оның ұзындығы 6 мм, ені 1,5 – 2 мм. Тұқымшасында үлпек ақ айдаршасы болады, ол тұқымның желмен ұшып таралуына мүмкіндік береді.

Өсетін орны мен таралуы

Қаратау жотасының және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі.
Қаратау маралтамыры – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Дереккөздер

<references/> Тараз энциклопедиясы