Қаратау кекіресі
Үлгі:Taxobox Қаратау кекіресі (Үлгі:Lang-la) – бұршақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 8 – 15 см, тамыры жуандау келген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұзындығы 0,5 – 1,5 см-дей. Қандауыр тәрізді жапырақтарының ұзындығы 5 – 12 см, сыртын ақ түк жапқан. Гүлсидамы ақ, қара түкті. Тостағанша жапырақтары түтікше, қоңырау тәрізді, ұзындығы 7 – 9 мм. Күлтесі қарақошқыл-күлгін түсті, оның шеті ойық, біртіндеп созылып тырнақшаға айналған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусымда гүлдеп, маусым – шілде айларында жемісі піседі. Тұқымы бүрлі, бұршағы жарғақты, домалақ, жұмыртқа пішінді, ұзындығы 15 – 25 мм, ені 15 мм-дей, сыртында теңбілді дағы бар, ақшыл жұмсақ түк жапқан.
Өсетін аймағы, қорғалуы
Қаратау кекіресі тек Қаратауда ғана кездеседі. Сирек кездесетін эндемик өсімдік. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>