Қараой қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қараой қорықшасы <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - мемлекеттік зоологиялық қорықша. Қорықша сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысының Балқаш ауданында 1979 жылы құрылған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша Қараой мемлекеттік табиғи кешенді қорықшасы болып өзгертілді. Жер аумағы 5,1 мың км².

Жер бедері

Сурет:River-ili-3.jpg
Іле өзені

Іле өзенінің атырауындағы қамысты, шалғынды, сортаң, құмайтты топырақты алқаптарды қамтиды.

Өсімдігі мен жануарлары

Қорықша Бақанас және Күрті орман және жануарлар әлемін қорғайтын мемлекеттік кәсіпорындармен жапсарлас орналасқандықтан бұл аумақта сексеуіл дайындалады. Сексеуілдерді бей-берекет кесуге шек қойылып, оларды қорғау жолға қойылған.
Қорықша аумағында жануарлардан елік, доңыз, т.б мекендесе, қазір сирек кездесетін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аң-құстар қарақұйрық, сұңқылдақ аққу, қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақ тырна, сұр тырна, тағы басқалар қорғалады.

Дереккөздер

<references/>