Қарамолда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарамолда (Мұхамеджан) Нұрекеұлы (1988 – 1937) – дін қызметкері, ақын. Қазақстанның халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың әкесі.


Әкесінен діни сауатын ашып, 8 жасында Бұхара-и Шәріптің әйгілі «Көкелташ» медресесін (Мир Арап) үздік бітіріп, құран-қари, яғни «Қаримолда» сопылық дәрежесімен елге оралған. Кейін Қарамолда атанып кеткен. Барлыбай табын ішінде мешіт ұстаған Қарамолда Сыр бойының сүлейлері: Тұрмағамбет, кете Жүсіп, керейт Даңмұрын, қаңлы Жүсіп, Нақып қожалармен шығармашылық байланыста болған, өлеңмен айтысқан, жұмбақтар жазысқан, дін саласынан Қансейіт ишан, Нұржанның Әбілдасы, Қарсақпайдағы Нұржан Қажы, Марал ишанның немересі Сүлеймен ишан, т.б. дін ғұламаларымен Қарамолдадан ақындар А.Тоқмағанбетов, Қ.Баймағанбетов, жырау Р.Мәзқожаев, қайраткер Мұхамедияр, Т.Дәуітбаев, т.б. дәріс алған. Жаңақорғандағы Айғожа ишанның мешітінде, Түркістанның түбіндегі Қарнақ медресесінде дәріс берген. «Халық жауы» ретінде қамауға алынып, 1937 жылы атылды. Кейін толық ақталды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}