Қараман ата қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қараман ата қорымы – ескі зират орны.

Тарихы

Осындағы сәулет өнерінің үлкен үрдісі саналатын атақты Шойынбай күмбезі әкелі-балалы Өмір Қараұлы мен Назар Өмірұлының қолымен тұрғызылған.

Меңдіқұлов экспедициясы

Маңғыстау түбегінің орталық бөлігіндегі Қандыбас қонысынан 5 км батыстауылы 1973 жылы Республикалық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедициясы (жетек. М.Меңдіқұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 473 ескерткіштер есепке алынған. Бұған ортағасырлар дәуіріне жататын құлпытастар, тас қоршаулар, 19 ғасырмен 20 ғасырдың басындағы адайлық шеберлердің қолымен тұрғызылған күмбезтамдар, сағанатамдар, күрделі ою-өрнектермен өрнектелген құлпытастар, қойтастар, тас қоршаулар мен тас белгілер кіреді.

Орналасуы мен архитектурасы

Қорымның батыс жағында Қараман ата жер асты мешіті, құлпытастар және жартылай қираған алты қырлы кесене бар. Қорымның солтүстік-шығыс және ортуылған бөлігінде 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде салынған адай тайпасының адамдары жерленген көптеген күмбезді не күмбезсіз кесене, сағанатамдар, құлпытастар орналасқан. Жалпы Қараман ата қорымы құмтастан салынған архитектуралық құрылыстардың (мазарлар, сағанатам, сандықтас, құлпытас, қабір үстіндегі қойтас және тағы басқа) әрқайсысы өзінің саналуандығымен ерекшеленеді. Олар халық архитектурасын айғақтайтын ашық аспан астындағы мұражай іспеттес.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Қорғалу статусы

Қорым жер асты мешітімен бірге 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.

Дереккөздер

<references/>