Қаракөз Ақдәулетова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қаракөз Ақдәулетова (3.3. 1956, Сырдария ауданы Иіркөл а.) – әнші, ұстаз. Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1996).
Өмірбаяны
- Қызылорда педагогикалық институтын (1977) бітірген.
- Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор Б.Төлегенованың класы бойынша) бітірген (1985).
- 1985 жылдан Қызылорда музыка училищесінде «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі.
Шәкірттері
Ақәулетова тәжірибелі ұстаз. Ол басқаратын балалар студиясының шәкірттері дүниежүзінің Эстония (1996), Түркия (1997), Франция (1998), Армения (2000), Болгария (2000, 2005), Қырғызстан (2001), Ресей (2001), Америка (2003), т.б. елдерінде еткен өнер сайыстарында жүлделі орындарға ие болды.
- «Super Star KZ» мегапроектісінің алғашқы жеңімпазы А. Кішкенбаев та Ақәулетованың шәкірті.
Марапаттары
- Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасы (1997)
- Президенттің алғысхаты (2001).<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>