Қаракемер қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Қаракемер қалашығы – ортағасырлық қалашық, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылынан 2 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Зерттелуі
Қалашықты 1938 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы ашты. 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ҚР Тарих және мәдени ескерткіштер жинағының археологиялық экспедициясы зерттеген.
Сипаты
Қала орны төрт бұрышты, екі қабатты төбешік алаңнан тұрады. Үстіңгісінің биіктігі 7 м, аумағы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100х130 м. Оңтүстік жағында орталық қамал болған. Астыңғы төбешік - алаң биіктігі 3 м, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60х160 м. Жобасы үшбұрыштылау келген екінші төбе де екі қабатты, трапеция пішінді. Үстіңгісінің өлшемдері: 120х30 м, биіктігі 6 м; төменгісінікі 45х40 м, биіктігі 2 м. Осы төбелердің айналасында мөлшері 1 км қабырға қалдығы сақталған.
А.Н. Бернштамның пікірінше Қаракемер қалашығы VII-XXII ғасырлардағы Адахкес қаласы болуы мүмкін. Оның тұрғындары егін шаруашылығымеен шұғылданған.<ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>