Қаражемістер тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қаражемістер тұқымдасы (Үлгі:Lang-la) – қос жарнақты өсімдіктер.

Ботаникалық сипаты

  • Гүлдері ұсақ, көбінесе жай көзге байқалмайтын жасыл, 4 – 5 буынды, қос немесе бір жынысты, қос үйлі, гүлшоғырының қолтығында топтасқан.
  • Тұтас жапырақтары тікенекті, кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасқан. Тостағанша жапырақтары 4 – 5-ке бөлінген, желегі жоқ немесе ұсақ, аталығы қысқа жіпшесімен 4 – 5, түйіні 2 – 3 (4) ұялы, әр ұясында 1 тұқымды бүрі бар.
  • Жемісі сүйекті жаңғақ немесе жидек тәрізді болады. Қазақстанда қаражемістер тұқымдасының 3 туысы (итшомырт, қаражеміс, шилен) 6 түрі кездеседі.

Түрлері мен таралу аймағы

Қаражемістер тұқымдасы негізінен Еуропа мен Американың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кең тараған. Жер шарында қаражемістер тұқымдасының 60 туысы, 900-ден астам түрі кездеседі.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер