Қараеспе петроглифтері
Қараеспе петроглифтері – тасқа бедерленген ежелгі өнер туындылары, Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Талғар ауданы, Шолақ тауындағы Қараеспе шатқалының батыс бөлігінде шоғырланған.
Сипаты
1982-83 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) экспедициясы (жетекшісі А. Марьяшев) зерттеген.
Қараеспе петроглифтері шатқалдың батыс бөлігінде шоғырланған. Олар 50-ге жуық суреттен тұрады. Шатқалда айбалта ұстаған батырлар бейнелері бар. Мұнда қабылан секілді екі жыртқыш аң, бұғы, таутеке және басқа да хайуанаттар бейнеленген. Қараеспе петроглифтері көпшілігі сақ тайпаларының рухани өмірін көрсететін ежелгі мәдениет ескерткіші ретінде бағаланады.<ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>
Әдебиет
- Марьяшев А.Н., Горячев А.А., Наскальные изображения Семиречья, А., 2002.