Қараеспе Петроглифтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қараеспе Петроглифтері – тасқа бедерленген ежелгі өнер туындылары. Алматы облысы, Талғар ауданы, Шолақ тауындағы Қараеспе шатқалының батыс бөлігінде шоғырланған. Олар 50-ге жуық суреттен тұрады. Сақ тайпаларының ежелгі мәдениет ескерткіші болып табылады.