Қарадүлей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарадүлей, Қаратүлей – Үстірттің Солтүстік-батысындағы сор. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы жерінде, Өліқолтық сорынан шығыста 60 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 80 м биіктікте. Сор бұйырғын, жусан өскен шөлді дала ортасында орналасқан. Жалпы ауданы 400 км² шамасындағы екі бөліктен тұрады. Сор маңында 3 – 10 м тереңдікте кездесетін грунт суларының минералдылығы әр түрлі. Оңтүстігінде кең аумақты қамтитын сексеуіл тоғайы өскен. Шаған төбесі (102 м) орналасқан. Оңтүстігінде шөбі шүйгін Есенқазақ қонысы жатыр. Сорды айнала бірнеше қара жолдар өтеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}