Қарадос би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup

Қарадос би

Қарадос Қоңырұлы 1750-1845 жылдар арасында Сырдария бойындағы диханшылар ауылында туып өскен. Шыққан тегі Кіші жүздің Алты ата Әлімінен Жаманақ, одан Төртқара, Төрткарадан бірнеше атадан кейін Балқы. Балқыдан Болат, одан Тоққожа, Тоқкожадан Коңыр. Одан Қарадос би боп таралады. Ал, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының әкімі Тынышбек Дайрабаевтың бізге жолдаған хатында Қарадос бидін ата-тегі былай жіктеледі: Кіші жүздің Қаракесегінен Байсары, Әлім, Шөмен, Байсарыдан Кете рулары. Өлімнен алты ата тарайды Шөменнен Шөмекей. Шөмекейдің төрт баласының бірі - Балқы (Балкия анасының атынан аталып кеткен). Балкыдан Қыдыр, Темір, Болат, одан Токкожа, одан Қоңыр. Қоңырдан Қарадос би деп жазады. Қарадос бозбала кезінен-ак ел арасында "Әділ би" атанады, оның билік алдынан елдің жер дауы, жесір дауы, барымта дауы сияқты көптеген айтыс- тартыс мәселелер дер кезінде өз шешімін тауып отырған. Қарадос айтқан шешендік сөздер сол өңірдегі халык арасында әлі де болса аңыздалып келеді.

Маман бимен кездесуі

Қарадос би бір жолы Қаракалпақтың 90 жасқа келіп отырған Маман би деген карт биіне сәлем бере келсе, үйінде бір жас әйел жұмыс істеп жүреді. Ол әйел Маманның кімі екенін Қарадос біле алмайды, әйел сыртка шығып кеткенде, Қарадос Маман биге: -Мөке, жасыңыз нешеге келді? - деп сұрақ кояды. Оған Маман түсіне калып: -Ой, шырағым Қарадос. Менің жасымның несін сұрайсың? Мен алпысымда алпері, жетпісімде желпері, сексенімде ару пері болдым. Токсанымда топтан торай шалдырмадым, жүзге келсем де алғанымның көңілін калдырмаймын, - депті. Оған Қарадос: "Мен сіздің ерекше қабілетіңізге таласым жоқ. Бірақ та жалпы алғанда кісі алпысында әрлі-берлі, жетпісінде жер таянып тұрады, сексенінде сегіз көзінен айрылады, тоқсанында тоқалы келмейді қасына, жүзге келгенде қарға-құзғын да қонбайды-ау басына", - депті.

Кенесары ханмен кездесуі

Кенесары хан бастаған азаттық көтерілісі кезінде Қарадостың ауыл- аймағы ерте көктемде көшіп, Сырдарияның мұзы түспей тұрғанда өтіп, Қарақұмға қарай бет алып конады. Бұл кезде Қарадос әбден қартайып, атқа біреу көтеріп мінгізіп, түсіріп, көш бойы атын біреу жетелеп отырады екен. Жаңа қонған Қарадос ауылының жылқысын Кенесарының сарбаздары айдап кетіпті. Ауыл адамдары жылқының артынан куып Кенесары сарбазына табандап бара алмай, шағымын Қарадосқа келіп айтады. Қарадос: -Мені атка мінгізіп, атымды жетелеп, Кенесарының өзіне алып барыңдар, - дейді. Кенесарының ордасына келсе, қарауылшылары ордаға жақын жібермейді. Қарадос оларға: -Ханға айт, мен аттан түсе алмаймын, түссем міне алмаймын, ат үстінде тұрып айтатын арызым бар, - дейді. Кенесары үйінен шығып, қартты көріп, сәлем беріп, арызын сұрайды. Қарадос: -Мен Абылайдың тұсында атқа шапқан бала едім, Қасым сұлтанның тұсында акыл айтқан дана едім, ал Кенесары сенің тұсында жылқысынан айырылып, жоқ қараған шал едім, - депті. Кенесары сарбазына бірден бұрылып: -Қарекеңнін жылқысын алдына салып беріңдер! - деп бұйырыпты. Қарадос биден Алушы, одан Бекмырза. Бекмырзадан Төрежан, Қасым,Жалғасбай, Бөкей, Ындынтай; Төрежаннан Жаксылық, Бимақан, Дүрмән, Әлмақан; Бөкейден Жолмырза, одан Бағдат, Бағат; Ындығатайдан Ақжол, одан Оразымбет, Мырзағали тарайды. Шөмекей ауылдары Қарадос бидің айтуымен жаз кырға, қыс Сырға көшіп-конып жүреді. Қуан өзеніне бір жылы су келіп, бір жылы келмей куаң тартып жатады. Келесі жылы жаңбыр мол жауып, өзен тасиды. Ел балық аулап, қарық боп қалады. Егістерін егіп, малдарын өргізіп жүреді.

Ертеде тау елін жайлаған Шөмекей елі жұтка ұшырап, қатты күйзеліпті. Елдің жағдайын көріп қиналған Қарадос шешен көршілес қарақалпақ елінің биі Маманға барып, бидай сұрамақ болып жолға шығады. Бұлар келгенде Маман би ауыл ақсақалдарымен бірге төбе басында әңгімелесіп отыр екен. Қарадос Маман бимен қол алысып амандасып, шетке отырады. Маман бидің қонақтармен жұмысы болмай, әңгімесін айта отырып, арасында жігіттеріне дауыстап қояды. Сусын көтеріп екі жігіт келеді. Жігіттің бірі сусынды Қарадосқа ұсына бергенде: -Тарт сусыныңды, біз шөлдеп келгеніміз жоқ, қона жатып сөйлескелі келдік. Қонақ күте білетін ел деп келдік. Ағаңның үйі - ақ жайлау, жеңгенің үйі - жаз жайлау. Өз үйіміз деп, басып ішеміз бе десек, төбенің басына тасып ішетін болдық па? - деп Қарадос Маман биге қарайды. Сөзден тосылған Маман би қонақтарды үйіне шақырады. Үйге келген соң: -Ақсақал өзіңіз қарттыкпен калайсыз? - дейді Қарадос үйге кіріп-шығып жүрген жас әйелді аңғарып қалып. -Әй, бала бұл не дегенің? Жақсының жасын сұраушы ма еді, тұлпардың аузын ашып тісін көруші ме еді, - деп Маман би сөзін жалғастырады, - Қырықта осы елдің қырғиы едім, елуде ел перісі болдым, алпыста бөрісі болдым, жетпісте жел перісімін, сексенде серісімін, тоқсанда торғайдай шырылдаймын, жүзде де алғанымның көңілін қалдырмайын, - дейді. Сонда Қарадос күліп: -Бұл халықтан шыққан мақал емес қой. Жас жеңгейдің көңілін жықпай айттыңыз-ау. Болмаса қырық - қылау, елу - ер жігітке бел емес пе? Жетпісте отыз омыртқа бүгілмей ме? Сексен - сергелдең, тоқсан - жоқ сан емес пе? Жүзге ешкім келмейді, қарға қонбай ма басыңа? - дейді. -Өзіңдей ініге олжа салып едім. Жұдырықтай қара бала, өкшелеп ізімнен қалмадың ғой. Тарпиын ба, қарпиын ба? - дейді Маман би ашуланып. -Ақсақал бұл айтып отырғаныңыз түйенің әдісі ғой. Мен адамның әдісінен жығылып көрген жан емеспін. Тарпысаң тақырға өскен темір тікенмін табаныңа кіріп, аяғыңды ақсатармын, қарпысаң улы шөппін, басыңды қақсатармын, - деп жауап береді Қарадос. -Үш жүзді туғанда анасы үш түрлі нәрсеге жерік болған екен. Ұлы жүзді көтергенде малға жерік болыпты. Орта жүзді көтергенде балға жерік болыпты, Кіші жүзді көтергенде, бөрінің бауырына жерік болыпты. Сен бала, бастан аяқ сөздің найзасын түйреп айтасың ғой, - депті Маман би. Сонда әзір отырған Қарадос: -Әкем ақылды кісі еді. "Елді есі кеткен жамандайды", "Жүзден жүзді кеміткеннің жүзі қара" дейтін. Жүзің қара би екенсің. Аузы үлкен, қарны үлкен қой семірсе - көтерер; қарны кіші, аузы үлкен ит семірсе - құтырар. Саған сөздің майдасын беріп, маған найзасын берсе, амал қанша, түйрейін бе отырған жеріңде?! - дейді. Сөзден тосылған Маман би айыбын жуып-шаймақ болып: -Жақсы көрген кісіңнің жұмысын келгеннен сұра, кеткенше бітір. Жек көрген кісінің жұмысын кетерде сұра, бітсе кетер, бітпесе нетер деген. Мен сені тәуір көріп қалдым. Жұмысың болса айта отыр, - дейді. -Бөтен жұмыс жоқ, кеусен сұрай жүр едік, - дейді Қарадос. Сол жолы Маман би Қарадостың жетегіндегі нарларға астық артып жөнелткен екен. Келер жылы Маман би бидайдың бодауына киіз алмақ болып, Қарадостың ауылына барады. Үйге кіріп, амандық-саулық сұрасқан соң: -Ал, шырағым Қарадос отыңның басын көріп, бала-шағаңның жағдайын білейін деп келіп едім, сонымен бірге көрген түсім бар еді. Түсіңді жақсы көрген адамыңа жорыт немесе ғалымға жорыт деген. Мен түсімді өзіңе жорытқалы келдім. Сексен бес үйім бар екен, сексен басына қарлығаш ұялаған екен. Көзімді ашсам сексен қарлығаштан бір қарлығаш та қалмапты, - дейді Маман. Сонда Қарадос: -Бұл түсіңіз бардың жоритын түсі екен. Мен өзім қонақасы беруге жарағанмен, мұндай түсті жоруға шамам келмейді. Сансызбайға жорытыңыз, - дейді. Қошқарлы руынан шыққан Сансызбай әрі бай, әрі сақы болған екен. Қарадос Маман биді ертіп Сансызбайдың ауылына келеді. Сансызбайға Маман бидің түсін айтып береді. Сонда Сансызбай езу тартып күліп: -Бұл келініңіз Айымның жоритын түсі екен, - деп шай құйып отырған әйелі Айымға карайды. - Қайнағаңның түсін кеткенінше жорып кой. Маман би қона жатып қонақасын жеп, енді аттанарда Айым: -Қайнағаның сескен бес үйі тозып, сексен қарлығаш ұяласа, бір қарлығаш тұрмайтын болған ғой. Бір сары атанға он сегіз өре киіз артып койдым. Ала кетіңіз, - депті. Маман би серіктерін ертіп қыр асқан соң қосшысына: -Түсті келіннің өзі жорыды ма? Болмаса Сансызбай айтып жорытты ма? Сынай кетейік. Сен барып келінге сәлем айт. Орамалы ак екен; дастарқаны қоңыр екен де. Осыған қайтарған жауабынан өзі жорыған-жорымағанын білеміз, - депті. Сонда Айым Маман бидің қосшысына: -Қайнағаға сіз де сәлем айтыңыз. Орамалым ақ болса, тазалығым шығар, дастарқаным қоңыр болса, мырзалығым шығар, - депті. Маман би қосшысын қайта жіберіп: -Келінге сәлем айт, келер көктемде адам жіберсін. Келген қонағына сусын бол атын жиырма қашар айдатамын, - депті. Сонда Бөрі тау еліндегі қазақтардың сиырының тұкымы сол Маман бидің Сансызбайға берген сиырларынан тарады деген сөз бар. <ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарадос би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}