Қарабауыр (қыстау)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚарабауырПавлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы қыстау. Шідерті кентінен оңтүстікке қарай 15 км, Құтаяқсор көлінің оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Қыстаудың көтеріңкі келген батыс және оңтүстік-батысында салыстырмалы биіктігі 60 м болатын аласа тау бар. Тау баурайында құрғақ далаға тән бұта шоғырлары аралас бетеге, боз, селеу, т.б. шөптесіндер өседі. Қарабауыр аумағы арқылы жоғары кернеулі электр желісі өтеді. <ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}