Қарабай Көзеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарабай Көзеев (1894, Орал облысы, Ілбішін уезі, Соналы болысы, Шөптікөл — Үшағаш а. (қаз.Қаратөбе ауданы) - 20.7.1938, сонда) - Жайық өңіріндегі Алаш қозғалысына және ауылды кеңестендіру ісіне қатысқан қайраткер. Тегі - Байұлына жататын қызылғүрт руы. Көзеев ауыл молдасынан хат танып, болыстық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін 1906-16 ж. аралығында Соналы болысының 3-ауылында Тұраш байға жалданып еңбек епі.

  • 1916 ж. қазақтан тыл жұмысына адам алынған кезде Батыс майданында, Минск губерниясында қара жұмыста болды.
  • 1917 ж. көктемде елге оралып, ауылда жұмыс істеді.
  • 1918 ж. Ойыл уәлаятының Халық милициясына (әскеріне) жазылды.
  • 1920 ж. Қаратөбе учаскелік ревкомының учаскелік милициясында қызмет етті.
  • 1921-23 ж. ЧОН отрядының құрамында қызмет атқарды.
  • 1924 ж. РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1925 ж. мүше.
  • 1924 ж. Сабынкөл болыстық атқару комитетінің төрағасы. ІІХК өкілі Щитовтың жаңа түзімге бағынбай жүрген Құныскерей Қожахметұлын ұстамақшы болған операциясына қатысты. Алайда іштей Құныскерейді жақтаған ол Щитовты райынан қайтарды.
  • 1926-28 ж. Ащысай болыстық атқару комитетінің төрағасы. Жымпиты және Ілбішін уездерін ықшамдау мақсатында 1928 ж. жаңадан Шалқар ауданы құрылғанда Көзеев аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Есенаңқаты ө-нің Шалқар к-не құяр сағалығынан жаңа аудан орталығы салынатын жерді таңдап, өз қолымен қадасын қақты.
  • 1930 ж. Жаңақала ауданы кеңесі атқару к-тінің, 1931 ж. Семей облысындағы Абыралы ауданы Кеңесі атқару к-тінің төрағасы.
  • 1932-34 ж. Гурьев облысына қарасты Жылой аудандық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1934 ж. Тайпақ ауданындағы «Есенсай» совхозының, 1935-1938 ж. Қаратөбе ауданындағы «Қаратөбе» ет кеңшарының жұмысшылар комитетінің төрағасы. Көзеев 30-жылдардағы асыра сілтеу тұсында, 1937 ж. қуғын-сүргін кезінде бірнеше адамды жөнсіз жазадан арашалап қалды.
  • 1937 ж. зейнет демалысына шығып, туған жері Үшағашқа көшіп барды.
  • 1938 ж. 20 шілдеде ауырып қайтыс болды. Қаратөбе ауданындағы Шөптікөл өндірістік кооперативінің 1-бөлімшесі маңындағы қорымға жерленді. Соңында Жайылхан, Нұртай есімді екі ұл қалды. Жайылхан Алматы қ-нда қайтыс болды, Нүртай Қарабаев Қаратөбе аулында тұрады. Көзеев бейнесі Х.Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» романында сомдалған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub