Қапа Құдайбергенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қапа Құдайберенов (15.3.1937 жыл, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы – 3.2.1995 жыл, Ақтөбе қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1985), профессоры (1986).
- Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
- Қызылорда облысы Арал ауданы ауруханасында дәрігер (1964–67)
- Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1970–83) қызметтерін атқарған.
- Негізгі ғылыми еңбектері акушерлік және гинекология мәселелеріне арналған.
- «Әйелдер босанғаннан кейін жұқпалы ауруларды дарытпау» тақырыбында доктор диссертация қорғаған.
- 20-дан астам ғыл. жарияланымның авторы.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Дереккөздер
<references/>