Қапаларасан минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАапаларасан минералды суы, Алматы облысы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км, Қапал (Жамбыл облысы)наннан 35 км жерде, Бүйен өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Ол 1000 – 1200 м биіктікте тектоникалық жарықтар арқылы тереңнен шығып жатқан қайнар бұлақ су көзі. Суы шипалы. 1954 – 64 ж. бұл арада бірнеше ұңғымалар қазылып, минералды судың құрамы мен шипалық қасиеттері зерттелді. Суы арынды, жер бетінен 0,2 – 5,5 м биіктікке дейін көтеріледі. Деңгейін 7,5 – 15 м-ге төмендеткенде тәулігіне 130 – 670 м3 су алынады. Химиялық құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералдар 0,5 – 0,6 г/л. Суының температурасы 34 – 44°С аралығында. Судың құрамындағы элементтер мөлшері: кремний қышқылы (50 – 88 мг/л), фтор (8 – 9,7 мг/л), бром (0,3 – 0,5 мг/л), бор (0,2 мг/л), молибден (0,03 мг/л), вольфрам (0,003 мг/л). Суда еріген газдың құрамында азот (63,6%), көмір қышқыл газы (10,02%), аргон (1,05%), гелий (0,15%), т.б. бар. Қапаларасан минералды суы жүрек, қан айналу, қозғалыс, жүйке, өкпе-бауыр, тері және гинекологиялық, т.б. көптеген ауруларға ем. Қапаларасан минералды суы негізінде 1886 ж. Қазақстанда ашылған емдеу орны қазір «Қапаларасан» деп аталады.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}