Қан табақшалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қан табақшалары - адам мен сүтқоректі жануарлар қанының ұюына қатысатын, қанның құрамындағы ядросыз денешіктер. Қан табақшалары — сүтқоректі жануарларда көпядролы мегокариоциттерден дамып, олардың цитоплазмасының бөлікшелері ретінде жетіледі. Сондықтан, қан табақшаларында (қан пластинкаларында) ядро болмайды. Олардың 1 мм қандағы саны 200-400 мыңдай, ал мөлшері 2-5 мкм. Боялған гистологиялық препараттарда қан табақшаларының орта шенінде негіздік бояулармен метахромды (көкшіл түске) боялған дәншелер жиынтығы көрінеді. Бұларды хромомер немесе грануломер деп атайды. Электронды микроскоппен зерттеу арқылы қан табақшаларының шеткі беттерін сыртынан гликокаликспен қапталған жарғақтар шектеп жататындығы анықталды. Басқа жасушалардағыдай, қан табақшалары жарғақтарының астында қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын актин микрофиламенттері мен микротүтікшелері жарғаққа параллельді орналасады. Қан табақшаларының ішкі жағындағы грануломер аймағында екі түрлі дәншелер болады. Олардың тығыз дәншелері: АТФ-тен, серотониннен және катехоламиннен, ал екінші дәншелер түрі лизосомадан тұрады. Бұлардан басқа бұл аймақта бірнеше митохондриялар кездеседі. Ал қан табақшаларының шеткі аймақтарында, олардың сырт¬қы бетіндегі жарғақтардың ішке қарай үңги еніп жасаған салыстырмалы кең қуысты өзекшелерден басқа ешқандай құрылымдар көрінбейді. Қан табақшаларының қызғылт-сұр түске боялған шеткі аймақтарын гиаломерлер (мөлдір бөлік) дейді. Қан табақшаларындағы тромбопластин заты қанның ұюына қатысады. Құстардан бастап, төменгі омыртқалы жануарларда қан табақшаларының орнында ядролы жасушалар тромбоциттер болады. Олар — пішіні сопақша келген үлкен ядролы жасушалар. Тромбоциттер ядроларының сыртқы жағында аз мөлшерде цитоплазма орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қан табақшалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}