Қан сарысу ауруы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қан сарысу ауруы — аллергиялык реакциялар жиынтығы. Бөгде белоктардың тым көп егілуіке байланысты пайда болады (мысалы енжар егу кезінде). Оның негізі — организмге қайталап еккен антигеннің одан бұрынғы құралған антиденемен байланысып, ерігіш антиген — антидене кұрамын жасауында. Бұл комплементті күшейтеді, қан тамырларында, бүйректе, буындарда, жүректе т. б. ағзаларда жиналады, уларды кабындырады. Кейде бұл ауру бөгде қан сарысуын бір-ақ рет еккеннен соң пайда болады. Аурудың жеңіл түрі тек жергілікті кұбылыстармен шектеледі (ісік, канталау, қышыну), ауыр түрі анафилаксиялық естен тануға әкеліп соғады. Аурудың алдын алу үшін десенсибилизация жүргізеді. Организм антигеннен арылғанда ғана аурудан айығады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub