Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев - 1970 жылы 10 қазанда Маңғышлақ облысы Ералы ауданының Ералы кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Жұмашев Бекболат, зейнеткер, инженер-механик болған. Анасы - Есдәулетова Дилан, зейнеткер, медбике болған.

Хронологиясы

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1992) химик-дәріскер мамандығы бойынша;
  • Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (2006) экономист мамандығы бойынша үздік бітірген.
  • Дарынды балалар мәселелері, білім беру жүйесін басқарудың нысандары, қазақ тілін оқытатын мектептердің мәселелері бойынша 4 мақаланың авторы.
  • Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
  • 1987 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
  • 1992 жылдан - «Қаражанбас- мұнай» ААҚ инженері (Ақтау қ.).
  • 1993 жылдан - Ақтау қалалық политехникалық колледжінің дәріскері.
  • 1995 жылдан - ҚР Қарулы Күштерінде қызметте.
  • 1997 жылдан - №5 ОМ биология мүғалімі (Ақтау қ.).
  • 1997 жылдың желтоқсанынан - Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының жетекші маманы.
  • 2000 жылдан - облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры (Ақтау қ.).
  • 2004 жылдан - Маңғыстау облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы м.а.
  • 2005 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облыстық Білім беру департаменті директорының м.а.,
  • 2005 жылдың маусымынан - директорының орынбасары.
  • 2005 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
  • 2006 жылдан - Маңғыстау облыстық Білім беру департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы, департамент директорының орынбасары, директоры.
  • 2008 жылдан - Маңғыстау облыстық Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы.
  • 2010 жылдың сәуірінен бері - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Жетістіктері

  • ҚР білім беру ісінің үздігі (2006).
  • Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
  • Діни көзқарасы - ислам.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Т. Рысқұлов.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Халқының саны 40 миллионға жететін Азия барысы».

Хоббиі - спорт, музыка, поэзия. Сүйіп оқитын әдебиеті - шытырман оқиғалы романдар, тарихи повестер, ойшылдардың философиялықтолғамдары. Үйленген. Жұбайы - Байноверова Ардақ Ғабдоллақызы (1971 жылы туған).Ұлдары - Бекболатов Есенәлі Қаныбекұлы (1992 жылы туған), Бекболат Әлисұлтан Қаныбекұлы (2010 жылы туған), Бекболат Әлинұр Қаныбекұлы (2010 жылы туған); қызы - Бекболатова Аида Қаныбекқызы (2000 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub