Қантамырлар және олардың түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.

Артерия қантамырлары

Артерия қантамырлары (Үлгі:Lang-el - қантамыр) - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларга тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе артериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын - қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 кабаттан тұрады: сыртқы қабаты - дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты - бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың әрі серпімді. Олардың сыртқы қабаты беріктік, серпімділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпімді талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшыкеттерден тұрады. Бұлшыкеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ірі артерия қантамырларымен ағатын қанның кысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпімді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшыкеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры - қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке қылтамырларға айналады.

Қорыта айтқанда, артерия қантамырларының бойымен көбінесе артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады.

Ерекше ескертетін жағдай - барлық артериялық қантамырлармен тек артерия қаны, барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.

Вена қантамырлары

Вена қантамырлары (Үлгі:Lang-la - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұксас веналардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы баяу.

Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.

Вена тамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.

Қылтамырлар

Қылтамырлар (капилляр), Үлгі:Lang-la - шаш тәрізді қылдай деген ұғым береді, адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Қылтамырлардың қабырғасы өте жұка, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Онда қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, өзі көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар қылтамырлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Қылтамырлардан қан веналарға жиналады. Олардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан, еріген қоректік заттар, оттек, көмір-қышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен қылтамырлар бірде кеңейіп, бірде тарылады. Қылтамырларда қан қысымы артерия тамырларынан төмен болады.

Қорыта келгенде, адам ағзасында қан - артериялар, веналар, қылтамырлардың бойымен ғана ағады.<ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х</ref>

Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері

Артериялар Веналар Қылтамырлар
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты
3. Қан қысымы жоғары Қан қысымы өте төмен Қан қысымы шамалы
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады Теріге жақын да, тереңде де жатады Дененің барлық мүшелеріне таралады
5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub