Қансонар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қансонар. Жерге алғашқы жауған қар аңның бейқам жайылып, тіпті жаңа ғана қашып өткеніне дейін білдіреді. Аңшылар ондайда ізге түсіп қуа ма, әлде із кесіп барып аңның байырқалаған жеріне төте тарта ма, оны өзі біледі. Аңшыға жаңа, соны із арқылы қолайлы жағдай тудырып тұрған саятты "қансонар" деген. Аң аулау маусымында аңшылар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жортады. Ертеректе аң қызығы ең үлкен, ең тамаша қазақтың, серуен-салтанаттың бір түрі болғаны да рас. Осыған қатысты қазақ саятшылығы туралы арнайы еңбек жазған Ж.Бабалықұлы мынадай қызықты өмірде болған оқиғаның нақты кімге қатысты екендігін былайша әңгімелейді.

XIX ғасырдың аяқ шенінде, Тарбағатай төңірегін мекен еткен Былғақ деген адам қансонар күні аңға шығайын деп жатқанда атасы (әкесі) қайтыс болады. Оған қарамастан аңға аттанғалы жатқан Былғаққа ел-ағайын: "Ойбай-ау, мынауың не?" - десе, '"Атан болса сойылар, атам өлсе қойылар, мұндай бізге қансонар күнде қайдан табылар" деп шаба жөнеліпті... Дегенмен мұндай әккі құсбегілерге телінетін бұл әңгіменің әр өңірде өзіндік "кейіпкері" бар.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}