Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұсылманбеков Қани Жұмкенұлы<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> (15.11.1934 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – онколог ғалым, медицина ғылымының докторы (1981), профессор (1982). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынтын (1957) бітірген. 1957 – 1972 жылы еңбек жолын Жезқазған кенішінде телімдік терапевтен бастап, Қарағанды облысының онкология дипансерінің бас дәрігері болды. 1972 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды медицина академиясы) онкология курсының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Мұсылманбеков Қани Жұмкенұлы өңеш, асқазан қатерлі ісігін хирургиялық және терапиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдірді. Ол өңештегі қатерлі ісікті сылып тастаудың ерекше әдісін тауып, соның нәтижесінде өңеш қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың операциядан кейінгі өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін нәтиже алды. Операциядан кейін науқастардың өлімін және дертінің асқынуын азайтуға мүмкіндік беретін адаптациялық, инвагинациялық., т.б. анастомоздардың (грек. anastomуsіs – саңылау, шығатын жер) түрлерін жасады. 13 өнертабыстың авторы, халықаралық деңгейдегі 2 патенті бар, 20 өнертабыстық ұсыныс енгізген.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}