Қандыағаш құмы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Zap-Kz obl.svg
Батыс Қазақстан облысы.
Қандыағаш құмы – құмды алқап. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылынан 10 – 12 км жерде. Ұзындығы 18 – 20 км, ені 2 – 3 км, жалпы аумағы 42 км². Қандыағаш, Нарын терегі, қарағай, Қырым қарағайы, ақ қараған, Каспий талы, жүзгін, жиде, қызыл тал, көп жылдық, бір жылдық шөптердің бірнеше түрі өседі. Қандыағаш құмында арагідік дауыл соғып, құм көшкіні болып тұрады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>