Қандалашөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қандалашөп (Үлгі:Lang-la) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Таралуы және өсетін жері

Қоңыржай аймақтарда өсетін 10 түрі кездеседі. Ал Қазақстанда Семей қарағайлы орманы мен Алтайдың қылқанжапырақты және жалпақжапырақты ормандарында өсетін 1 түрі – сасық Қандалашөп (Cіmіcіfuga foetіda) бар.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 80-200 см, жуан, тарамдалған тамырынан бірнеше сабағы өсіп шығады.
  • Шеттері тілімденген күрделі жапырақтары (екі немесе үш бірдей жапырақтары бірігіп кеткен) бар.
  • Аталығы – көп, аналығы 1 – 5 ұялы.
  • Ұсақ, ақшыл жасыл түсті гүлдері доға тәрізді иілген шашақ гүлшоғырына топталған.
  • Шілдетамыз айларында гүлдеп, жеміс салады.

Сасық қандалашөптің жағымсыз иісі болады. Осы иісінен қандалалар қашады, өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған.

Емдік қасиеті, қолданысы

Қандалашөптің кейбір түрі (мысалы, даур қандалашөп) тұнба қайнатуға пайдаланылады. Оны жүйке жүйесін тыныштандыруда, ұйқы қашқанда, сондай-ақ қан қысымы көтерілгенде ішеді.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер