Қанат Қабділрашидұлы Қайымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайымов Қанат Қабділрашидұлы — Семей облысы, Ақсуат ауданының Құмкөл ауылында дүниеге келген. Р.Мұратбаев атындағы орта мектепте оқып, 1972 жылы Алматы облысы Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатынан кәмелеттік аттестат алған <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1977 жылы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінін филология факультетін тәмамадаған. Еңбек жолын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындагы Азат сегізжылдық мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Содан кейін Еңбекшіқазақ аудандық Пионерлер үйінің директоры, республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бөлім меңгерушісі, қазақ радиосы балалар мен жастар редакциясының редакторы, "Қазақстан мұғалімі" газетінің бөлім меңгерушісі, "Алматы ақшамы" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, "Столичное образование" журналының бөлім редакторы, "Балауса" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.

2002 жылдан "Ол-Жас" баспасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}