Қанат Отызбайұлы Сүйіндіков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанат Отызбайұлы Сүйіндіков - 1959 жылы 25 қарашада Целиноград қаласында туған. Қазақ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1982) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

  • 1977 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1982 жылдан - Целиноград облысы Қорғалжын ауданы «Ленин жолы» кеңшарының агрономы.
  • 1984 жылдың сәуірінен - Қазақстан ЛКЖО Совет аудандық комитеті комсомол жұмысы бөлімінің нұсқаушысы (Целиноград қаласы).
  • 1984 жылдың қыркүйегінен - КТУ-187 комсомол комитетінің хатшысы (Целиноград қаласы).
  • 1985 жылдың қаңтарынан - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитеті жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы.
  • 1985 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитеті жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің меңгерушісі.
  • 1989 жылдан - Целиноград облыстық комсомол ұйымы тексеру комиссиясының төрағасы.
  • 1991 жылдан - «Ақмола» әмбебап биржасының лицензиялық жұмыс жөніндегі инженері.
  • 1992 жылдан - «Вариант» ШҚК коммерциялық директоры (Ақмола қаласы).
  • 1995 жылдың шілдесінен - «Цесна» корпорациясының менеджері, экономисі, 1997 жылдың қаңтарынан – ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (Ақмола қаласы).
  • 1997 жылдың сәуірінен - «Ақмола - Астық» концерні ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (Ақмола қаласы).
  • 1998 жылдың мамырынан - «Ақмола-Челябі фирмасы» БК» ЖШС атқарушы директоры.
  • 1998 жылдың қарашасынан 2004 наурызына дейін - «Жалтыр элеватор» АҚ директоры (Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр кенті).
  • 2005 жылдың наурызынан - Ақмола облысы Щучье ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісінің міндетін атқарушы, 2005 жылдың сәуірінен - ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісі.
  • 2006 жылдан – Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2007 жылдан - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2009 жылдың сәуірінен бері - Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі. «Тыңға 50 жыл» медалімен марапатталған (2005).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub