Қанат Мұхамәдиұлы Нұртазин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанат Мұхамәдиұлы Нұртазин - 1963 жылы 29 мамырда Семей облысы Балта-Тарақ ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Нұртазин Мұхамәди, зейнеткер, Семей қаласының техникалық-пайдалану байланыс торабының байланысшы-жөндеушісі болып жұмыс істеген. Анасы - Нұртазина Кәмила Оразханқызы, марқұм. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1984), дене тәрбиесінің мұғалімі. БАҚ-дағы спорт туралы мақалалар авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Нұр Отан ХДП мүшесі.

  • 1983 жылдан - Семей қаласы облыстық спорт комитеті жанындағы ОРМБЖМ грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушы.
  • 1992-2005 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Семей ОРМБЖМ грек-рим күресінен аға жаттықтырушы.
  • 2001 жылдан - Республикалық олимпиадаға дайындық орталығының аға жаттықтырушысы (Астана қаласы).
  • 2004 жылдан - ҚР Ұлттық командасының грек-рим күресінен аға жаттықтырушы.
  • 2007 жылдан - облыстық ОРМБЖМ грек-рим күресінен аға жаттықтырушы (Семей қаласы).
  • 2010 жылдың наурыз айынан бері - «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» MM директоры. Азия Чемпионатының жүлдегері Қоңыратов Ерболды; Азия Чемпионатының жастар арасындағы жүлдегерлері Қартықов Досжанды (күміс жүлдегер), Жарболов Мәдиді тәрбиелеген. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2000). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001), Семей облысы әкімінің мақтау грамоталарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы капитан.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Ш. де Голль.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бұдан ары да тұрақты беку мен даму».
Хоббиі - музыка, кітаптар.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар, О. Сүлейменов, С. Есенин.

Қызы - Нұртазина Ғалия (1989 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub