Қанат Бектілеуұлы Мұсатаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұсатаев Қанат Бектілеуұлы (6 маусым 1970 жыл, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазір Қазақстан Футбол Федерциясының спорттық директорының орынбасары қызметін атқарады.
Карьерасы
1994 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы.
Бес рет Қазақстан чемпионатындағы үздік 33 футболшының құрамына енді (1992, 1993, 1994, 1995, 1999).
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1992 жылы 14 қыркүйекте Ашхабадта Түрікменстан құрамасына қарсы өткізіп, 90 минутты түгел ойнады. Жалпы құрама сапында тоғыз рет алаңға шықты, тоғызы да жолдастық кездесулер. Соңғы кездесуін 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанға қарсы өткізді.
Жетістіктері
Клубтық
- Қазақстан кубогының финалисі: 1995
- Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1992
Жеке
- Қазақстанның үздік футболшысы: 1994
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:
- СКИФ-Ордабасы ФК ойыншылары
- Каспий ФК ойыншылары
- Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары
- Ордабасы ФК ойыншылары
- Ертіс ФК ойыншылары
- Тараз ФК ойыншылары
- Ақтөбе ФК ойыншылары
- Қайсар ФК ойыншылары
- Түркістан ФК ойыншылары
- Қазақстан футбол жаттықтырушылары
- Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Қазақстан футболшылары