Қанапия Мүбәракұлы Арынғазин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қанапия Мүбәракұлы Арынғазин (18.9.1935 ж.т., Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы (2001), профессор(2002).
ҚазПИ-ді (1963, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қарағанды педагогика институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор(1963–2005) қызметтерін атқарған. Арынғазин 87-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монографияның («Геометрические идеи в теоретической физике», 1994; «Теоретические и практические аспекты смысловой педагогики», 2004) авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>