Қамыспай Мырзағалиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қамыспай Мырзағалиев (1924 жылы туған, Атырау облысы) – мұнайшы. Грозный мұнай техникумын (1944), Мәскеудегі М.И. Губкин атындағы институтты бітірген (1952). 1945 – 1947 жылдары Қосшағыл кен орнында техник-геолог, 1952 – 1957 жылдары Ембі кен орындарында мастер, инженер, цех бастығы, 1957 – 1968 жылдары «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде инженер, экспедиция бастығы, 1968 – 1987 жылдары «Маңғыстаумұнай» бірлестігінде экспед-ның бас инженері, бұрғылау басқармасында бас технолог, бөлім бастығы болды. «Құрмет белгісі» (1964) орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>
Дереккөздер
<references/>