Қамысбай Қаржаубайұлы Қаржаубаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қамысбай Қаржаубайұлы Қаржаубаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1927, Маңғыстау ауданы, Шебір ауылы– 1999 ) – ғалым-зоотехник.
- Гурьев (қазіргі Атырау) ауылшаруашылық техникумы мен Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген.
- 1946 – 1962 жылдары Маңғыстау ауданы партия комитетінде нұсқаушы, аймақтық хатшы, партия-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі
- 1962 – 1969 жылдары Амангелді атындағы ұжымшардың төрағасы
- 1969 – 1976 жылдары Ералы атындағы кеңшардың директоры
- 1976 – 1980 жылдары «Ақшымырау» кеңшарының партком хатшысы
- 1980 – 1981 жылдары Маңғыстау ауданы ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары
- 1981 – 1985 жылдары «Тұщықұдық» кеңшарының
- 1985 – 1987 жылдары аудандық коммуналдық кәсіпорындар комбинатының директоры
- 1987– 1991 жылыдары аудандық атқару комитеті мен аудандық кеңесте бөлім бастығы болды.
- «Еңбектегі ерлігі үшін», тағы басқа медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
Дереккөздер
<references/>