Қамысбай Мырзағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қамысбай Мырзағалиев (1925, Атырау қаласы). Теңгекен орнын тұңғыш ашушы (1984). Гурьев мұнай техникумын (1944), Мәскеу мұнай институтын (1952) бітірген. 1945-1947 жылдары - Қосшағыл МКБ-ның техник операторы. 1952-1957 жылдары - Мұнайлы МКБ-ның бұрғылау шебері, бұрғылау цехының бастығы. 1957-1963 жылдары - Маңғыстау геология іздестіру мұнай экспедициясының бастығы. 1963-1966 жылдары - «ММГБ» тресінің бас инженері. 1966-1968 жылдары - Оңтүстік Маңғыстау мұнай барлау экспедициясының бастығы. 1968-1987 жылдары - «Маңғыстаумұнай» бірлестігі бұрғылау жұмыстары басқармасының бас инженері, бұрғылау белімінің бастығы. 1987-1993 жылдары - Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. 1993 жылдан - зейнеткер. Маңғыстау тарихы мен мұнайшылар тұралы ғылыми еңбектердің, кітаптардың, мақалалардың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен және медалдармен марапатталған. КСРО-ның мұнай өнеркәсібінің уздігі.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қамысбай Мырзағалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}