Қалқатас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалқатас (Үлгі:Lang-eng) — жер қойнауындағы пайдалы қазба бетін көмкеріп жататын тау жыныстарының жиынтығы деген ұғымды білдіретін атау. Мұнайшылар қалқатас терминін көбінесе тұз күмбездерін бүркемелейтін "тас қалпақтар" хақында қолданады. Мұндай "қалпақтар" қимасы әдетте гипстенген ангидридтерден (астыңғы өңірі), кеуекті ізбестастардан және біршама тығыз ізбестастардан (беткі өңірі) тұрады. Қалқатастар қалыңдығы бірнеше метрден жүздеген метрге шейін жетуі мүмкін <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}