Қалыңқанат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қалыңқанат (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Өсетін жері

Қазақстанда таудың тасты және қиыршықтасты беткейлерінде, сор топырақты, құмбалшықты жерлерінде кездесетін 3 түрі (гүлдес Қалыңқанат, қысқааяқ Қалыңқанат және сабақты Қалыңқанат) бар. Бұлардың ішінде жиі кездесетіні – сабақты Қалыңқанат (Pachypterygium multicaule).

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 10 – 25 см, сабағы бұтақты.
  • Тамыр түбінен шығатын жапырақтары ұзынша, доғал, сабақ бойындағылары – қандауыр тәрізді, үшкір.
  • Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа немесе қандауыр тәрізді, күлтелері ұсақ, ұзынша.
  • Гүлдері сары түсті, шашақ гүлшоғырына топталған.
  • Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша, эллипс тәрізді бұршаққын.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалыңқанат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}