Қалып-күй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалып-күй (Состояние; state) — құрылғының, жүйенің (бос, бос емес, ажыратылған), программаның (кезектегі, активті, кешіккен, аяқталған), файлдың (ашылған, жабылған, жойылған және т.б.) ағымдағы жай-күйі.

Қалып-күй байты

Қалып-күй байты (Байт состояния; byte of a condition) — бағдарлама үшін енгізу-шығару командасы бойынша берілетін енгізу-шығару құрылғысының қалып-күйі туралы ақпараты бар байт.

Қалып-күй биты

Қалып-күй биты (Бит состояния; state bit) — бет өрісіндегі кесте жолының төрт құраушысының біріне жататын, егер берілген өріс түсінікті болса, онда бірлігі бар бит, ал кері жағдайда нөлі бар бит.

Қалып-күй блогы

Қалып-күй блогы (Блок состояния; state block) — компьютерлердің бірыңғай жүйесінің операциялық жүйесінде нақтыланған қалып-күй байты мен арнаның қалып-күй сөзінің байты бар 16 байттық өріс.

Қалып-күй жолы

Қалып-күй жолы (қалып жолы, қатары) (Строка состояния; status bar; status line; line of a condition) — экрандық (стандартты терезелердің) төменгі жағына орналаскан және ағымдағы бағдарламаның қалыпты көрсеткіштерін ашылған файл атын, меңзер тұрған орынды, бет нөмірін және т.б. мәліметтерді көрсетіп тұратын басқару жолы; 2) Windows жүйелерінде — таңдаған команда немесе программаның қалып-күйінің сипаттамасы туралы ақпарат орналасатын экранның төменгі жиегіндегі жол.

Қалып-күй сөзі

Қалып-күй сөзі (Слово состояния; word of a condition) — разряды құрылғының немесе процестің қалып-күйінің сипаттамасына сәйкес келетін регистр.

Қалып-күйді сұрау

Қалып-күйді сұрау (Опрос состояния; status polling) — мәліметтерді қабылдауға дайын немесе дайын еместігін анықтау үшін қабылдаушы бекетке орталық процессордан немесе шалғай бекеттен жіберілетін сұраныс.

Қалып-күйлер кеңістігі

Қалып-күйлер кеңістігі (Пространство состояний; state space) — 1) жүйені оның қалып-күйлерінің жиыны мен олардың арасындағы өту ережелері түрінде сипаттау; 2) бағдарлама айнымалылары мәндерінің ықтимал қисындарының жиыны.

Қалып-күйі ақырлы санды автомат

Қалып-күйі ақырлы санды автомат (ақырлы автомат) (автомат с конечным числом состояний, конечный автомат) — ақырлы санды қалып-күйден және осы қалып-күйлердің арасындағы өтулерден тұратын есептеу моделі.

Қалыпқа келтірілген қаріп

Қалыпқа келтірілген қаріп (Стилизованный шрифт; stylized font) — белгілі бір кодқа тән болатын элементтерден тұратын және машина көмегімен тануда пайдаланатын таңбалар жинағы. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалып-күй|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}