Қалым Балтабекұлы Тәттімбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалым Балтабекұлы Тәттімбетов 1959 жылы 10 ақпанда Семей облысы, Бесқарағай ауданының Сосновка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Тәттімбетов Балтабек, марқұм. Анасы - Тәттімбетова Майра Мұқашқызы, зейнеткер. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының жекпе-жек факультетін бітірген (1980), классикалық күрес бойынша жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1980 жылдан - Алматы қаласындағы Республикалық спорт интернатының классикалық күрес жаттықтырушысы.
  • 1984-1991 жылдары - «Қайрат» ЕСҚ аға жаттықтырушысы.
  • 1992 жылдан - «Қайрат» ЕСҚ облыстық кеңесі төрағасының орынбасары (Алматы облысы).
  • 1994 жылдан бері - ҚР еркін күрес бойынша штаттық үлттық командасының бастығы.
  • Күрес федерациясының алтын орденімен, ҚР туризм және спорт министрінің құрмет грамотасымен марапатталған (2008).
  • ҚР еркін күресінен Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1999).

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Саяси Қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - туризм, саяхат жасау. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық, тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Тәттімбетова Гүлнәзия. қызы - Әдина (1983 ж. т.); ұлы - Әділ (1984 ж. т.).

<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub