Қалтаев Бекдылла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалтаев Бекдылла1954 жылы 18 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1971 жылы мектепті аяқтап 1972-74 жылдары Кеңес Әскері құрамында әскери борышын өтеді. Әскерден кейін кеңшарда, кейін Шымкент қаласындағы облыстық газет баспасында жүргізуші болды.

1979 жылы Мәскеу полиграфия институтына түсіп, 1985 жылы инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Институтты аяқтағаннан кейін Семей облыстық баспаханасына жіберілді. Осында 1990 жылдың желтоқсанына дейін бас инженер болып еңбек етті. 1990 жылы Шымкент «Полиграфия» өндірістік бірлестігіне бас инженер болып ауыстырылды. 1997-2003 жылдары Республикалық «Полиграфия» өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары «Printex-A» ЖШС бас инженері болды.

Қазіргі кезде полиграфия саласындағы шағын бизнесті дамыту жүйесінде істейді. Еңбек жолында бірнеше мәрте құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгілерімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}